Журналист Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Комо» қызығушылық танытып отыр. «Лариани» бас бапкері Сеск Фабрегас Хаканды өз командасында көргісі келеді. Бірақ «Интер» мен Чалханоглудың бұған қалай қарайтыны белгісіз.
Хакан «нерадзурри» сапына 2021 жылы еркін агент ретінде қосылған еді. 32 жастағы түркиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 12 матчқа қатысып, үш гол соқты. Оның клубпен келісімшарты 30 маусымда күшін жояды.
