CaughtOffside мәліметінше, «ПСЖ» басшылығы 23 жастағы ойыншы үшін 80 миллион еуро ұсыну мүмкіндігін қарастыруда. 2025 жылдың жазында Лопесті сатып алуға тырысқан «Челси» де келіссөздерге қайта оралуға дайын. Сонымен қатар «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» жағдайды бақылап отыр.
«Барселона» жартылай қорғаушымен қоштасуды жоспарламайды. Алайда қаржылық қиындықтар каталондықтарды қомақты ұсынысты қарастыруға мәжбүр етуі мүмкін. Бұған дейін футболшының өзі Англия клубына ауысудан бас тартып, туған командасында қалуды жөн көрген.
Биылғы маусымда Лопес Ханси Фликтің негізгі құрамынан орын алу үшін бәсекелестікті жалғастыруда. Оның «Барселонамен» келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды. Ал ықтимал трансферге қатысты түпкілікті шешім футболшының өз қалауына да байланысты болмақ.
