Журналист Альфредо Мартинестің хабарлауынша, екеуі бүгін командадан тыс жаттығу жасады. Жарақаты бар Кунде мен Гарсия «Астон Виллаға» қарсы матчта алаңға шыға алмайды. Дәлірек айтсақ, Эриктің бұлшық еті зақымдалған, ал Кундені тобығы ойнатпай тұр. Сондай-ақ бұлшық ет жарақатына байланысты кейінгі алты матчқа қатыспаған Андреас Кристенсен де қатарға оралмапты.
Чемпиондар лигасының төртінші туры аясындағы «Барселона» – «Астон Вилла» кездесуі ертең түнгі сағат 01:00-де басталады. Тікелей эфирді Q Football арнасынан тамашалай аласыздар.
