«Әлемнің үздік клубтарының бірі саған қызығушылық танытса немесе кем дегенде солай айтылып жүрсе, бұл әрқашан жағымды. Демек, мен өз жұмысымды дұрыс атқарып жүрмін», – деді Порро Sport басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар испаниялық футболшы «Тоттенхэмде» өзін бақытты сезінетінін және 2031 жылға дейін жарамды келісімшартын құрметтейтінін атап өтті. Қорғаушы «Барселона» президенті Жоан Лапортаның оның ойынына тәнті екені туралы ақпаратты да қуана қабылдады.
Порро лондондық клубтың қиын кезеңіне де тоқталды. Оның айтуынша, «Тоттенхэм» бапкер ауысқаннан кейін қайта құрылу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Дегенмен команда нәтижелерін біртіндеп жақсартып, турнирлік кестеде жоғары көтерілуді көздейді.
