Q Football

«Ювентус» Чемпиондар лигасына шыға алмағандықтан жаңа қаржылық дағдарысқа тап болуы мүмкін

«Ювентус» Чемпиондар лигасына шыға алмағандықтан жаңа қаржылық дағдарысқа тап болуы мүмкін

Туриндік «Ювентус» 2026/27 жылғы маусымның қорытындысы бойынша операциялық шығындарының артуын болжап отыр. Football Italia басылымының Calcio e Finanza-ға сілтеме жасап хабарлауынша, клуб Чемпиондар лигасына қатысудан түсетін табыстың болмауына байланысты қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр.

«Бьянконери» өткен қаржы жылын 66 миллион еуро шығынмен аяқтады. Ал одан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 58,1 миллион еуроны құраған. Сонымен қатар клубтың кірісі 474,7 миллион еуроға дейін төмендеді. Басшылық ағымдағы шығындарды жабу үшін капиталды ұлғайту аясында 112,5–125 миллион еуро тартуды жоспарлап отыр.

Қаржылық жағдайды қалпына келтірудің басты шарты Чемпиондар лигасына қайта оралу болмақ. «Ювентус» 2027/28 және 2028/29 жылғы маусымдарда турнирге қатысуды көздеп отыр. Бұл клубтың жылдық кірісін 500 миллион еуродан асырып, біртіндеп операциялық шығынсыздық деңгейіне шығуына көмектесуі тиіс.

Алайда спорттық нәтижелер әзірге бұл жоспарларды қиындатып отыр. Лучано Спаллеттидің командасы А сериясында жетінші орында келеді және төртінші орында тұрған «Миланнан» алты ұпайға қалып отыр. Егер туриндіктер тағы да Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаса, клубтың қаржылық жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін.