Q Football

Петер Бос: «Оны қатты аяймын. Оның басынан өткені өте өкінішті»

Петер Бос: «Оны қатты аяймын. Оның басынан өткені өте өкінішті»
©️Goal.com

ПСВ бас бапкері Петер Бос жарақатына байланысты қайтадан ота жасататын шабуылшы Алассан Плеаға қолдау білдірді.

Франциялық форвард кемінде тағы үш ай алаңнан тыс қалады.

ПСВ Плеаны 2025 жылдың жазында менхенгладбахтық «Боруссиядан» үш миллион еуроға сатып алған еді. Алайда оның нидерландиялық клубтағы дебюттік кездесуі сәтсіз аяқталды. «Твенте» қорғаушысының өрескел ойыны салдарынан футболшының айқас байламы үзілді. Осы жарақаттан кейін ол маусымның қалған бөлігін өткізіп алды.

Жаңа маусым алдындағы дайындық кезінде 34 жастағы шабуылшы қайтадан алаңға шығып, бірнеше минут ойнады. Алайда тамыз айында жаттығу барысында тағы бір ауыр жарақат алды. Бастапқыда Плеаның қазан айында қатарға қосылатыны күтілген.

Кейін оның қалпына келуі 2027 жылға дейін созылуы мүмкін екені белгілі болды. Футболшыға қайтадан ота жасау қажет.

«Мен оны шынымен аяймын. Оның соңғы бір жылда басынан өткерген жағдайынан кейін қайтадан ұзақ уақыт алаң сыртында қалуы өте өкінішті», — деді Бос.