- Шынымды айтсам, басымнан жарақат алғаннан гөрі жақ сүйегімді жарақаттап алғаным жақсы еді. Бірнеше күн көз алдымда жұлдыздар ұшып жүрді. Есімде қалған жалғыз нәрсе - Кайседоның фолы. Алаңнан қалай шыққанымды да білмеймін, - деді Мартінес.
Қақпашының сөзінше, жағдайдың ауыр зардапқа ұласпағаны көңілін орнықтырған. Дәрігерлер оған жақ сүйегінің сынғанын анықтаған, қазір қалпына келу үдерісі жүріп жатыр. Мартінес матчтарға қайта қосылар алдында бетіне қосымша қорғаныс қолдануы тиіс.
- Барлығы тек жақ сүйегінің сынуымен шектелгеніне қуаныштымын, жақын арада алаңға қайта шығамын. Қалпына келуді бастап кеттім, бірақ бетімді сәл де болса қорғау үшін маған қорғаныш маска қажет болады, - деп қосты ол.
Осы маусымда Эмилиано Мартінес алты матчқа қатысып, 11 гол жіберіп алды.
