Q Football

Гави ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Гави ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Париждің клубы «Барселона» жартылай қорғаушысын назарда ұстап отыр

Журналист Экрем Конурдың хабарлауынша, ПСЖ және Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар клубы Гавиге қызығушылық білдірді.

Бірақ «блауграна» одан айырылып қалғысы келмейді, дегенмен өзі сұранса сатып жіберуі мүмкін.

Гави – «Барселонаның» төл түлегі. 22 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда тоғыз матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.