Q Football

Грилиш тағы да жанжалға ілікті

Грилиш тағы да жанжалға ілікті
Getty Images Sport

«Эвертонның» ағылшын вингері Джек Грилиш екі күндік кештер мен командалық жаттығуды өткізіп алғаны үшін кезекті тәртіптік жанжалдың ортасында қалды.

Британдық The Sun басылымының мәліметінше, 31 жастағы футболшы Лондонда Pride of Britain сыйлығына барғаннан кейін екі күндік сауық-сайранға салынып, кешті караоке-барда жалғастырған. Келесі күні вингер клубтастары Джордан Пикфордпен, Тайлер Диблингпен және «Манчестер Ситидегі» бұрынғы әріптесі Кайл Уокермен бірге Чемпиондар лигасы матчын тамашалап отырып, пабта алкоголь ішкен. Сауық-сайранға толы демалыс күндерінің соңы клубтың рұқсатынсыз «Эвертонның» жоспарлы жаттығуын өткізіп алумен аяқталды.

«Ирисок» басшылығы мен бас бапкер Дэвид Мойес қатаң жауап беріп, Грилишті Лига кубогының «Ньюкаслға» қарсы матчына (3:1) қатысудан ресми түрде шеттеткен. Шотландиялық маман клубтың шешімін толық қолдап, тәртіптік жазаға қатысты егжей-тегжейге барудан бас тартты, бұл мерсисайдтықтар сапындағы жартылай қорғаушының жақын болашағын күмәнді күйде қалдырады.