«Балеба бұлшық етін жарақаттап алды, бірақ оның қашан оралатыны әлі белгісіз. Ертеңгі медициналық тексерісті күтіп отырмыз. Жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтаймыз. Жағдай мәз емес»,– деді бас бапкер Майкл Кэррик матчтан кейін.
Lineups Radar хабарлауынша, Балеба бірнеше апта командасына көмектесе алмайды. Карлос қараша айының соңына қарай қатарға оралады деп күтілуде.
«Қызыл сойқандар» 22 жастағы хавбекті тамыз айында «Брайтоннан» 75,9 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда жеті матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
