Q Football

«Тоттенхэм» Ришарлисонның бағасын түсірді

«Тоттенхэм» Ришарлисонның бағасын түсірді

TEAMtalk мәліметінше, «Тоттенхэм» Ришарлисонды қыста сатуды жоспарлап, бағасын 10–15 млн фунт стерлингке түсірді. Шабуылшының өзі де клуб ауыстырғысы келеді.

29 жастағы бразилиялыққа бірнеше клуб қызығып отыр. «Трабзонспор» оның ауысуы жөнінде келіссөз бастады. «Галатасарай», «Фулхэм» және Ришарлисон бұрын ойнаған «Эвертон» да жағдайды бақылап отыр.

Ришарлисон көбірек ойнап, алаңға тұрақты шыққысы келеді. Клуб ауыстырса, Англия премьер-лигасында қалуды жөн көреді.