ФИФА президенті Джанни Инфантино ұйымға мүше барлық 211 қауымдастыққа Әлем чемпионатына құқықтардың бір бөлігін сыртқы инвесторларға сатуға келіскені үшін 40 миллион доллардан ұсынды, деп хабарлайды The Times.
Шенеунік федерацияларға шешім қабылдауға 53 күн берді. Оң шешім қабылданған жағдайда, 2027 жылдан бастап 10 миллиард долларлық ауқымды қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады. Егер де бас тартса, ФИФА стандартты үлгіні сақтап, оның көлемін тек 2,7 миллиардқа арттырады.
Инфантиноның таңдау еркіндігі толық қамтамасыз етілетіні туралы сендіргеніне қарамастан, келісімге қарсы тараптар рекордтық төлемдерді ашық қысым мен пара беру әрекеті деп атап үлгерді.
Инфантино Әлем чемпионатының инвесторлары үшін батыл қадамға барды

Қатысушы елдердің миллиардтық пакет пен тәуелсіздік арасында таңдау жасауға 53 күні бар