ASnews.kz хабарлауынша, «қызыл-ақтар» Әшірбекке айына 10 миллион теңге көлемінде жалақы ұсынуға дайын. Сондай-ақ Арсенді «Ордабасы» қатарынан көргісі келеді екен.
23 жастағы ойыншы Семейдің клубына қаңтар айында еркін агент ретінде қосылған еді. Ол содан бері 30 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Арсеннің «Елімаймен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады.
