Q Football

«Кристал Пэлас» бапкері тағайындалғанына төрт ай өткенде қызметінен кетуі мүмкін

«Кристал Пэлас» бапкері тағайындалғанына төрт ай өткенде қызметінен кетуі мүмкін

Француз маманы Пьер Саж «Ньюкаслдан» өз алаңында 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін үлкен қысымға тап болды. Лондондық клуб АПЛ-дегі алғашқы сегіз матчтың бесеуінде жеңіліп, турнирлік кестедегі соңғы төрт команданың қатарына түсті.

«Кристал Пэлас» жанкүйерлері финалдық ысқырықтан кейін футболшыларға ысқырып, наразылықтарын білдірді. Бір апта бұрын команда «Брайтоннан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілген еді. Ал барлық турнирдегі жеңіссіз сериясы төрт матчқа жетті.

«Нәтиже болмағандықтан, жанкүйерлердің ысқыруы қалыпты жағдай. Клуб ішінде ешқандай дүрбелең жоқ. Біз бар назарымызды ойынымызды жақсартуға аударып отырмыз», – деді Саж матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Француз сарапшысы Жюльен Лоранстың пікірінше, бапкердің басты мәселелерінің бірі – оның шамадан тыс жұмсақтығы. «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Дион Даблин де Премьер-лигада мұндай тәсіл маманның қызметінен босатылуына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сегіз турдан кейін «Кристал Пэлас» небәрі жеті ұпай жинап, 19 гол жіберді. Бұл – чемпионаттағы ең нашар көрсеткіш. Алда команданы «Тоттенхэм» мен «Ливерпульге» қарсы күрделі кездесулер күтіп тұр. Олардың нәтижесі Саждың болашағы үшін шешуші болуы мүмкін.