TEAMtalk хабарлауынша, 18 жастағы Германия құрамасының жұлдызына «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отыр. Бірақ Мюнхеннің клубы Леннартты «қызыл сойқандарға» бергісі келмейді. Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Ливерпуль» мен «Арсенал» бар.
Карл осы маусымда 12 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
