Q Football

Алексис Макаллистер «Ливерпульден» кетеді

Алексис Макаллистер «Ливерпульден» кетеді

Мерсисайдтың клубы құрамға ауқымды өзгеріс жасамақ

Sky Sport журналисі Саша Тавольеридің хабарлауынша, «қызылдар» Алексиске жаңа келісімшарт ұсынбайды. Сондықтан оны осы жазда сатып жіберуге тырысады.

«Ливерпуль» Макаллистерді 2023 жылы «Брайтоннан» 42 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы осы маусымда 13 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.