«Бүгін жеңіске жету өте маңызды болды. Үзілісте камбэк жасай алатынымызға сендік. Жанкүйерлердің үміті ақталды.
Фанаттар «Манчестер Юнайтедті» турнир кестесінің жоғары жағынан көріп үйренген. Әрине, қазіргі жағдай оларға ауыр тиетіні түсінікті. Біз үшін де бұл оңай емес, команда тығырықтан шыққысы келеді. Бүгінгі жеңіс тек басы ғана деп үміттенемін»,– деді 32 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы.
«Қызыл сойқандар» «Олд-Траффордта» 0:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Бірақ Фернандеш 58-минутта пенальтиден гол соғып, Матеус Кунья 83 және 86-минутта дубль жасады. Осылайша манкуниандықтар үш ұпайды жұлып алды.
Осы матчтан кейін Майкл Кэрриктің шәкірттері алты ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында тұр. Келесі турда команда 25 қараша күні «Спортингке» қонаққа барады.
