Ойындағы есепті 15-минутта Леонардо Доменико Костаманья ашқанымен, сол минутта-ақ «Семей» сапынан Дедезиньо жауап қатты. 19-минутта Біржан Оразов мергендік танытса, Габриэл Кандидо 22-минутта және 32-минутта тағы екі гол соқты. Қорытынды нәтижені 40-минутта Нұрсұлтан Пиялы бекітті - 1:5.
Матч барысында ескертулер де тіркелді: 16-минутта Ринат Төрегазин, 35-минутта Нұрсұлтан Пиялы, 39-минутта Фернан сары қағаз алды.
МФК «Минерва» (Швейцария) құрамында алаңға Пабло Силва (қ), Драган Томич, Райан Гомес, Родриго Тамаширо, Страхинья Петров, Лаурин Маннхарт (қ), Кевин Ягги, Виктор Хьюго Алмейда, Антонио Фернандес Энсинас, Элиас Каги, Луис Фернандо Албукерке Феррейра, Роальд Халими, Леонардо Доменико Костаманья шықты. Команданы Педру Сантуш жаттықтырды.
МФК «Семей» сапында Жайме Кнейсс (қ), Кайо Торрес, Ринат Төрегазин, Дедезиньо, Габриэл Кандидо, Игита (қ), Нұрсұлтан Пиялы, Чингиз Есенаманов, Біржан Оразов, Родригиньо, Фернан, Дәурен Тұрсағұлов, Эднардо Араужо де Оливейра Гомес өнер көрсетті. Бас бапкері - Серджи Алтисент.
Ойынды чехиялық Онджей Черны бірінші төреші ретінде басқарды, екінші төреші - аустиялық Даниэль Штаубер. Үшінші төреші қызметін бельгиялық Иржи Бергс атқарса, хронометрист - словак Марек Анталик болды.
