Поляк шабуылшысы «Чикаго Файрға» 29 маусымда ресми түрде ауысып, 22 шілдеде команда сапында алғашқы ойынын өткізді. Сол сәттен бастап оның атрибутикасына сұраныс күрт артты. Левандовски алаңда да үмітті ақтады: 18 матчта 7 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер «Оттыларға» Шығыс конференциясында төртінші орын алып, плей-оффқа шығуға көмектесті.
Соған қарамастан, 2026 жыл бойғы жалпы сатылым көлемі бойынша көш басында «Интер Майамидің» капитаны Лионель Месси қалды. Аргентиналық жұлдыз 2023 жылы АҚШ-қа дабыралы түрде келгеннен бері бұл рейтингте қатарынан төртінші жыл бірінші орыннан түскен жоқ.
Рейтингте Мессиден кейін екінші орынға «Лос-Анджелестің» (ЛАФК) шабуылдағы көшбасшысы Сон жайғасса, үшінші орын «Ванкувер Уайткэпстің» неміс форварды Томас Мюллерге бұйырды.
2026 жылғы МЛС-тегі ең танымал жейделердің топ-10 тізімі:
1. Лионель Месси («Интер Майами»)
2. Сон («ЛАФК»)
3. Томас Мюллер («Ванкувер Уайткэпс»)
4. Роберт Левандовски («Чикаго Файр»)
5. Антуан Гризманн («Орландо Сити»)
6. Каван Салливан («Филадельфия Юнион»)
7. Денис Буанга («ЛАФК»)
8. Луис Суарес («Интер Майами»)
9. Хани Мухтар («Нэшвилл»)
10. Родриго Де Пауль («Интер Майами»)
