Фотосессия барысында 27 жастағы ағылшын футболшысы Louis Vuitton, Kent & Curwen және Derek Rose секілді танымал брендтердің киімдерін киіп, суретке түсті. GQ басылымына берген сұхбатында ол қаржылық жағдайының жақсы болғанына қарамастан, ақшаны өміріндегі басты мақсат деп санамайтынын айтты.
«Футболдағы ақша айналымы ақылға сыймайтын деңгейге жетті. Әрине, ақша жайлы өмір сүруге және көбірек мүмкіндікке жол ашады. Бірақ мен таңертең оянғанда қанша ақшам бар екенін ойламаймын. Бұл мен үшін басты мақсат емес», – деді Райс.
Жартылай қорғаушы сондай-ақ балаларының еңбекті бағалап, ақшаның қадірін түсінгенін қалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, балаларды ерке етіп өсірмей, өз еңбегімен жетістікке жетуге тәрбиелеу маңызды.
Transfermarkt мәліметінше, Райстың трансферлік нарықтағы құны 120 миллион еуроны құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Арсеналдың» ең қымбат футболшысы әрі әлемдегі ең жоғары бағаланатын 15 ойыншының бірі саналады. Оның апталық жалақысы 250 мың фунт стерлингке жетеді.
