Q Football

Лионель Скалони: «Кубокты алып келе алмағаным үшін кешіріңіздер»

Лионель Скалони: «Кубокты алып келе алмағаным үшін кешіріңіздер»

Аргентиналықтардың бапкері өз командасының әлем чемпионатындағы өнерін эмоционалды түрде қорытындылады.

«Альбиселесте» бапкері турнирдің шешуші матчының овертаймында Испания құрамасынан ұтылғаннан кейін (0:1) үнсіздікті бұзды. Жаңкүйерлерге арнаған хатында маман терең қайғы мен жақсы естеліктер астасқан ең ауыр аптаны бастан өткергенін мойындады.

Бас бапкер отандастарына тағы бір мәрте мақтаныш сыйлап, күнделікті мәселелерден сәл де болса серпілткісі келгенін атап өтті. Қолдан шығып кеткен жеңіске қарамастан, Скалони таблодағы есепті емес, соңғы демі қалғанша айқасқан өз «жауынгерлерінің» мінезі мен жанқиярлығын есте сақтауға шақырды.

Сөзінің соңында аргентиналық маман бапкерлер штабына, ассоциация персоналына және бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерге алғыс білдірді. Оның пікірінше, соққыға төтеп беру, қадір-қасиетін сақтау және бар күшін аямай салу қабілеті — бұл команда жеңіп ала алған ең басты трофей.