Қазір футболды жаһандық деңгейде дамыту жөніндегі ФИФА директоры қызметін атқаратын 77 жастағы маман ұйымның қазіргі президенті Джанни Инфантиноға басты қарсыластардың бірі болуы мүмкін еді.
Алайда екі жарым ай бойы ойланғаннан кейін Венгер сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдаған. Дереккөздің мәліметінше, француз маманы жеңіске жету мүмкіндігін жеткілікті жоғары деп бағаламайды. Сонымен қатар президенттік қызмет оның негізгі кәсіби мақсаттарына сәйкес келмейді деп есептейді.
ФИФА-ның сайлау конгресі 18 наурызда Марокко астанасы Рабат қаласында өтеді.
Еске салайық, Джанни Инфантино жазда өткен әлем чемпионаты кезінде сынға ұшыраған болатын.
