Ойынның 69-минутында ол Златко Трипич тепкен пенальтиді қайтарды, бірақ норвегиялық футболшы допқа бірінші болып жетіп, қайтарымнан қақпаға дәл соқты. Кездесу «Сабахтың» 1:4 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Қонақтар сапында Покатиловтан жоғары баға алған жалғыз ойыншы - шабуылшы Орфе Мбина. Команданың жалғыз голын соққан Мбина 7,3 ұпайға ие болды. Сол қаптал қорғаушысы Тимотеуш Пухач 7,0 ұпай алды. Ал ең төмен көрсеткіш Аден Маккартиге тіркелді - 4,9: қорғаушы ВАР қаралғаннан кейін алаңнан қуылды.
Төрт турдан кейін «Сабахтың» қоржынында үш ұпай бар. Келесі, бесінші турда Покатиловтың командасы 25 қараша күні Қазақстан уақытымен 22:45-те өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.
