Q Football

Эдди Хау «Манчестер Юнайтедтегі» алғашқы төрт трансферін белгіледі

Эдди Хау «Манчестер Юнайтедтегі» алғашқы төрт трансферін белгіледі
TEAMtalk

TEAMtalk мәліметінше, «Ньюкаслдың» бұрынғы бапкері Майкл Кэрриктің орнына басты үміткер саналады

Клубтың спорт директоры Джейсон Уилкокс бас бапкер қызметінде дәл Хауды көргісі келеді. Кэрриктің орны айтарлықтай шайқалып тұр, өйткені «Юнайтед» қыркүйектің басынан бері жеңіске жете алмай, АПЛ-да небәрі 16-орында келеді. Жаңа бапкер команданы осы демалыс күндері өтетін «Челсимен» матчқа дейін-ақ қабылдап алуы мүмкін.

БАҚ хабарлауынша, Хау орталық және сол жақ қорғаушы, сол қанат шабуылшысы мен шабуылшы позицияларын күшейткісі келеді.

Жаңа қанат шабуылшысын іздеу Маркус Рэшфордтың клубтағы болашағына нүкте қоюы мүмкін. Ағылшын ойыншысы биылғы маусымда әзірге бірде-бір гол соғып, нәтижелі пас бере алған жоқ, ал оған «Эвертон» қызығушылық танытып отыр.