Q Football

«Астон Вилла» клуб пен жанкүйерлерді қорлағаны үшін Каррагерді сотқа бермек

«Астон Вилла» клуб пен жанкүйерлерді қорлағаны үшін Каррагерді сотқа бермек

Бирмингемдік клуб «Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы, Sky Sports сарапшысы Джейми Каррагерге қарсы сот ісін қозғауға ниетті екенін мәлімдеді. Ресми мәлімдемеге «Астон Вилланың» төрағасы Нассеф Савирис қол қойды.

Бұған Каррагердің Stick to Football подкастында айтқан сөздері себеп болды. Сарапшы бас бапкер Унаи Эмериге «Манчестер Юнайтедке» ауысу мүмкіндігін қарастыруға кеңес берген. Оның пікірінше, бирмингемдік клуб мәртебесі жағынан манкуниандықтардан төмен.

«Астон Вилла» ешқашан «Манчестер Юнайтед» бола алмайды», – деді Каррагер. Ал өзін сынаған жанкүйерлерге ол дөрекі түрде үндерін өшіруді ұсынған.

«Астон Вилла» басшылығы мұндай мәлімдемелерді қабылдауға болмайтынын атап өтіп, клубтың ағылшын және еуропалық футболдағы дамуына ешкімнің кедергі келтіруіне жол бермейтінін жеткізді.

Каррагердің сотқа жүгіну туралы мәлімдемеге қалай жауап бергені әзірге белгісіз.