Бұл шешім туралы «Эвертонның» баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде ресми түрде хабарлады. Тәртіп бұзғаны үшін 31 жастағы ағылшын футболшысы Англия лигасы кубогының 1/8 финалындағы «Ньюкаслға» қарсы матчтың өтінімінен тыс қалды (3:1).
Грилиш «Эвертон» сапында «Манчестер Ситиден» жалға алынған ойыншы ретінде өнер көрсетіп жүр. Ол Ливерпульге жазғы трансфер терезесінің соңғы күні ауысқан еді, ал өткен маусымды да осы командада өткізген болатын.
