Football Insider хабарлауынша, манкуниандықтар қаңтар айында ұсыныс жасап көрмек. «Қызыл сойқандар» 23 жастағы бразилиялық ойыншыны Диогу Далоттың орнына қарастырып отыр.
«Джаллоросси» Уэслиді 2025 жылдың жазында 25 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 14 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді. Франсаның «Ромамен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
