Алаң иелері бірінші таймның соңында есеп ашты: 45+1-минутта Байрам допты өз қақпасына соғып алды. Үзілістен кейін «Амедспор» қарсыласын оңбай ұтты — Орбан хет-трик авторы атанды (51, 55, 74), ал ойынның нүктесін 83-минутта Диане қойды.
Нури Шахин шәкірттері әлі де тоқыраудан шыға алар емес: кейінгі төрт кездесуде «Башакшехир» тек бір ұпай еншіледі. Бес турдан кейін стамбулдықтардың қоржынында төрт ұпай бар және олар 13-орынға жайғасқан. «Амедспор» еншісіндегі ұпай санын 10-ға жеткізіп, үшінші сатыға көтерілді.
Түркия Суперлигасы. 5-тур
«Амедспор» — «Башакшехир» — 5:0
13 қыркүйек, Диярбақырдағы стадион
Голдар: Байрам (45+1, автогол), Орбан (51, 55, 74), Диане (83).
«Амедспор»: Лафон, Деллова, Халил (Сиссе, 63), Красники (Бульбуль, 79), Орбан (Диане, 79), Саба, Балет (Лютин, 85), Бейтс, Мерас, Равелосон, Сойалп (Устюндаг, 84).
«Башакшехир»: Дильмен, Калужински (Йылдырым, 46), Байрам, Гюнеш, Кемен, Опери, Опоку, Сков Ольсен (Сары, 46), Шахинер (Карбовник, 46), Файзуллаев (Брнич, 63), Шомуродов (Озджан, 82).
Ескертулер: Опери (6), Гюнеш (53), Красники (59).
