Q Football

«Трабзонспор» жүгіру қашықтығы бойынша Конференциялар лигасындағы ең нашар командалардың қатарына енді

«Трабзонспор» жүгіру қашықтығы бойынша Конференциялар лигасындағы ең нашар командалардың қатарына енді
ANP

Түркиялық клуб футболшылардың бір матчта орта есеппен жүгіріп өтетін қашықтығы бойынша турнирге қатысушы 36 команданың ішінде 33-орында тұр.

Football Data және 61saat порталының мәліметінше, «Трабзонспор» ойыншылары бір кездесуде орта есеппен 112,72 шақырым жүгіреді. Бұл көрсеткіш бойынша тек «Линкольн Ред Импс», «Орхус» және «Эгнатия» командалары ғана түркиялық клубтан төмен орналасқан.

Рейтинг көшбасшысы — Бельгияның «Сент-Трюйден» клубы. Оның футболшылары әр матчта орта есеппен 127,15 шақырым қашықтықты еңсереді.

Бұл мәселе «Фрайбургке» қарсы өз алаңында өткен, 0:1 есебімен аяқталған кездесуде де байқалды. Неміс клубы аталған көрсеткіш бойынша сегізінші орында тұр (121,04 шақырым). Бұл «Трабзонспордың» орташа нәтижесінен 8,32 шақырымға артық.

Ойыншылардың жүгіру белсенділігінің төмендігі Түркияда команданың физикалық дайындығы мен еурокубоктағы болашағына қатысты пікірталас тудырды.