Q Football

Эли Жуниор Крупи Франция мен Португалия құрамалары арасында таңдау жасады

Эли Жуниор Крупи Франция мен Португалия құрамалары арасында таңдау жасады

«Борнмут» шабуылшысының қай құрамада ойнайтыны белгілі болды

20 жастағы форвард Франция намысын қорғауды жөн көрді. Оның Португалия мен Кот-д’Ивуар ұлттық құрамаларын таңдау мүмкіндігі де болған. Крупидің әкесі – Кот-д’Ивуар азаматы, анасы – португалиялық, ал өзі Францияның Лорьян қаласында дүниеге келген.

Крупи Францияның жастар құрамасында 16 жасынан бері ойнап келді. Ол футболдағы алғашқы қадамын «Лорьян» академиясында жасап, 2023-2025 жылдар аралығында клубтың негізгі командасында доп тепті.

Шілде айында жаттығу кезінде шабуылшы табан сүйегін сындырып алып, хирургиялық ота жасатты. Осы жарақатына байланысты ол биылғы маусымда әлі бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.