Q Football

Швейцария Суперлигасы. Кәрімов толық ойнаған матчта «Лугано» «Янг Бойзды» жеңе алмады

Швейцария Суперлигасы. Кәрімов толық ойнаған матчта «Лугано» «Янг Бойзды» жеңе алмады
Getty Images

«Лугано» мен «Янг Бойз» арасындағы ойын тартысты өтті және тараптар жеңімпазды анықтай алмады - 2:2. Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Бехруз Каримов бұл матчта толық 90 минут алаңда болды

Ойын барысында «Лугано» сапынан Дос Сантос 2-минутта есеп ашса, Айети 80-минутта тағы бір гол соқты. Қонақтардың жауап голдарын Эссенде 28-минутта, ал Фасснахт 45-минутта енгізді.

8 турдан кейін «Лугано» 19 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. «Янг Бойз» 16 ұпай жинады. Сонымен бірге Каримов командасының қоржынында бір қосымша (кейінге қалдырылған) ойыны бар.

Швейцария Суперлигасы. 8-тур
«Лугано» - «Янг Бойз» 2:2
Голдар: Дос Сантос 2, Айети 80 - Эссенде 28, Фасснахт 45.

«Лугано»: фон Бальмос (Гебхардт, 46), Пападопулос, Май (Айети, 67), Делькруа, Каримов, Бислими, Гргич, Дос Сантос, Чиминьяни, Штеффен, Монкада (Эспиноса, 89).