Marca басылымының хабарлауынша, Мадридтің клубы қыста Сёрлот бойынша түскен ұсыныстарды қарастырып көреді. Егер жақсысы болса, «матрасшылар» онымен қош айтысуға әзір.
Александерді алғысы келетін клубтардың қатарында «Ювентус» көш бастап тұр. Турин клубының бас бас бапкері Лучано Спалетти оны өз командасында көргісі келеді. 30 жастағы форвардтың өзі клуб ауыстыруға дайын.
Сёрлот осы маусымда алты матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Оның «Атлетикомен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
