Q Football

Грилиш жаттығуды себепсіз босатқані үшін кубок матчынан шеттетілді

Грилиш жаттығуды себепсіз босатқані үшін кубок матчынан шеттетілді

«Ирисок» командасының бас бапкері Дэвид Мойес Карабао кубогындағы «Ньюкаслға» қарсы жеңісті ойын қарсаңында тәртіпті бұзғаны үшін клубтың 31 жастағы вингерді жазалау туралы шешімін қолдады.

Клуб оқиғаның егжей-тегжейін ресми түрде ашып айтқан жоқ. Дегенмен шеттетудің басты себебі ретінде футболшының жаттығуға рұқсатсыз келмей қалуы аталады. Өткен сенбіде Гріліш сырқатына байланысты чемпионаттағы «Арсеналға» қарсы ойынды (0:2) өткізіп алған. Ал дүйсенбі күні бапкерлер штабының келісімінсіз командалық жаттығуға қатыспаған. Кейін ол «Финч Фармдағы» базаға қайта оралып, жаттығуға қосылғанымен, енді ойыншыға қаржылай айыппұл салынады.

Бас бапкер Дэвид Мойес тәртіптік жаза қолданылғанын растады және клуб шешімін толық қолдайтынын айтты, бірақ нақты мән-жайды ашудан бас тартты.

«Бұл - клубтың шешімі, мен ол туралы көп сөйлегім келмейді. «Эвертонның» ерекшелігі - оның артында жақсы құндылықтар тұр, ал барлық ойыншы алаңда да, алаңнан тыс жерде де соларды ұстануы тиіс. Алаңға шыққан жігіттер керемет жұмыс істеді, бұл жағдайдың назарларын бөлуіне жол бермеді», - деді Мойес финалдық ысқырықтан кейін.

Дүйсенбі күні Премьер-лигада дәл сол «Ньюкасл Юнайтедке» қарсы өтетін келесі матчта Гріліштің алаңға шығу-шықпауына қатысты Мойес нақты жауап бермеді. Ол кадрлық жаңалықтарды алдын ала жариялауды жоспарламайтынын жеткізді.

Осы жағдай 31 жастағы ағылшынның командадағы келешегіне қатысты сұрақтарды күшейтті. Гріліш «Эвертонда» қатарынан екінші маусымын «Манчестер Ситиден» жалға алу шартымен өткізіп жүр. Ал «Ситимен» келісімшартының аяқталуына бір жыл қалған, апталық жалақысы - 300 000 фунт стерлинг.

Өткен маусымда вингер «Гилл Дикинсондағы» жанкүйерлердің сүйіктісіне тез айналып, тамыз айында АПЛ-дың үздік ойыншысы атанған. Қаңтардағы аяқ жарақаты оның маусымын ерте аяқтатқанға дейін, ол 20 матчта екі гол соғып, алты голдік пас берген.

Осы жазда толық қалпына келген Гріліш «Манчестер Сити» сапында Англия Суперкубогы мен АПЛ-дың алғашқы турында қосалқы құрамнан алаңға шыққан. Кейін трансферлік терезе жабылар алдында ол қайтадан «Эвертонға» қосылды. Биылғы маусымда Гріліш клуб үшін чемпионатта бес матч, Лига кубогында бір ойын өткізді.

Жазғы трансферлік терезе сәтсіз өткеннен кейін құрамдағы тапшылық жағдайында Мойес тәжірибелі футболшыларға көбірек арқа сүйеп отыр. Алайда дәл осындай тәртіп бұзушылық Гріліштің «Эвертондағы» мансабының аяқталар тұсы болуы да мүмкін.