Q Football

Андрей Лунин «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

Андрей Лунин «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

«Реал» қақпашысына топ-клуб қызығушылық білдірді

Topskills Sports UK хабарлауынша, «Манчестер Сити» қысқы трансфер кезеңінде Лунинді қатарға қосу жолдарын қарастырып көрмек. Андрейдің өзі «Реалда» аз ойнайтынына байланысты клуб ауыстыруға дайын.

Лунин «бланкос» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. 27 жастағы украиналық голкипер осы маусымда Тибо Куртуаның жарақат алып қалуына байланысты тек «Барселонаға» (2:1) қарсы ойында алаңға шықты.

Оның Мадрид клубымен келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.