Q Football

Антонио Конте «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атануы мүмкін

Антонио Конте «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атануы мүмкін

Манкуниандықтар италиялық маманды басты үміткердің бірі ретінде қарастырып отыр

Санти Аунаның хабарлауынша, жақында Майкл Кэррик қызметінен кетеді. «Қызыл сойқандар» оның орнына Маурисио Почеттино немесе Антонио Контені көргісі келеді.

«Манчестер Юнайтедпен» келіссөзге Контемен бірге тәжірибелі агент Пини Захави барады екен. Сондықтан Антонионың жаңа жұмысқа тұру мүмкіндігі басым.

57 жастағы тәлімгер өткен жазда «Наполиден» кеткен еді. Оған дейін ол «Тоттенхэм», «Интер», «Челси», «Ювентус», «Аталанта» және Италия құрамасын жаттықтырған.