Q Football

Винисиустың дублі Бразилияны жеңілістен құтқара алмады

Винисиустың дублі Бразилияны жеңілістен құтқара алмады

14 қараша, сенбі күні Жапония мен Бразилия құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Матчта алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті

Жапония ойынның алғашқы минуттарынан басымдық танытып, 19-шы минутқа қарай екі гол айырмасымен алға шықты. Алдымен 15-ші минутта Рицу Доанның пасынан кейін Такэфуса Кубо есеп ашты. Араға төрт минут салып, Сюто Наканоның нәтижелі пасын Кэито Накамура голға айналдырды.

Бразилия құрамасы бірінші тайм аяқталмай жатып есеп айырмасын қысқартты. 33-ші минутта Бруно Гимарайнстың пасын пайдаланған Винисиус Жуниор мергендік танытты. Ал 75-ші минутта «Реал» шабуылшысы дубль жасап, таразы басын теңестірді.

Алайда матчтың соңғы сәтінде жапондықтар жеңісті жұлып алды. Қосымша уақыттың 91-ші минутында Тацухиро Сакамото үшінші голды соғып, кездесудің қорытынды есебін 3:2 қылды.