Q Football

«Ливерпуль» 19 жастағы жартылай қорғаушыға жаңа келісімшарт әзірлеп жатыр

«Ливерпуль» 19 жастағы жартылай қорғаушыға жаңа келісімшарт әзірлеп жатыр
©️Getty Images

Мерсисайдтықтардың басшылығы қолданыстағы ұзақмерзімді келісімге қарамастан, жас таланттың қаржылық жағдайын жақсартуға ниетті

Ағылшындық «Ливерпуль» 19 жастағы жартылай қорғаушы Трей Ньонимен келісімшарт мерзімін ұзарту бойынша белсенді келіссөздер жүргізуде. Беделді The Athletic басылымының мәліметінше, мерсисайдтық клуб басшылығы келешегі зор хавбектің болашағын бірнеше ай бойы талқылап келеді әрі тараптар жаңа мәмілеге келуге аса сенімді.

Айта кетерлігі, англиялық ойыншының «қызылдармен» қазіргі еңбек шарты 2030 жылдың жазына дейін жасалған, алайда клуб қарқынды дамып келе жатқан ойыншының мәртебесін жаңартылған талаптармен бекітуге құштар. Биылғы маусымда бапкерлер штабының зор сеніміне ие болған Ньони барлық турнирде негізгі команда сапында 11 матч өткізіп үлгерді.