Журналист Кристиан Фальктың хабарлауынша, Мюнхеннің клубы Рионы біраздан бері бақылап жүр. Тіпті жазда 70 миллион еуро ұсынуға дайын болған, бірақ Исмаэль Сайбариді алуды жөн көрген екен. Қазір «Бавария» Нгумоаның өкілдерімен байланыста, қос тарап трансфер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр екен.
18 жастағы англиялық вингер осы маусымда 13 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді. Оның «Ливерпульмен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
