Француз маманы топ-командалардағы жұмысты трибуна тарапынан болатын орасан зор назар және қысыммен байланыстырды. ««Манчестер Юнайтед» — алып клуб, бірақ мен жанкүйерлері керемет атмосфера қалыптастырған басқа да ірі командаларда жұмыс істедім: «Рома», «Марсель», «Лион», «Наполи». Бұл қосымша қысым тудырады және кейде оңай соқпайды, алайда сонымен бірге жеңіске жеткен сәтте орасан зор ләззат сыйлайды», — деп келтіреді Гарсияның сөзін «The Athletic».
Ол Неапольдегі кезеңіне бөлек тоқталды. Бапкердің айтуынша, мәселе нәтижелерде болмаған. «Мен шығу тегім бойынша Жерорта теңізі өңіріненмін, қаным қызу. Тіпті «Наполиде» де — онда небәрі төрт ай ғана болдым, содан кейін президент мені нәтижелер үшін емес, бапкер қабылдауы тиіс шешімдерді өзім қабылдағым келгені үшін қызметтен босатты», — деді Гарсия.
Гарсия «Наполи» тізгінін 2023 жылдың жазында ұстап, клубта бес ай жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен команда 16 матч өткізді: сегіз рет жеңіске жетіп, төрт кездесуді тең аяқтады және төрт рет жеңіліс тапты.
Гарсияның соңғы жұмыс орны Бельгия құрамасы болды — ол биылғы жазда бұл қызметтен кетті. Бұған дейін француз «Әл-Наср», «Лион», «Марсель», «Рома», «Лилль», «Дижон» және «Сент-Этьен» клубтарын да жаттықтырған.
