Алайда манкуниандықтарға испаниялық маманды «Астон Вилладан» алып кету оңай болмайды. Бирмингемдік клуб Эмериді сақтап қалуға ниетті, өйткені ол команданың трансферлік саясаты мен жалпы футболдық стратегиясына елеулі ықпал етіп отыр.
Эмериден бөлек, «Манчестер Юнайтед» тізімінде тағы екі кандидат бар: Эдди Хау мен Юлиан Нагельсманн. Клубтағы бапкерлік өзгеріс алдағы халықаралық үзіліс кезінде болуы мүмкін деген болжам бар.
Қазір Карриктің болашағына қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.
