Indykaila News басылымының X әлеуметтік желісіндегі мәліметінше, Скотт Паркер жетекшілік ететін команда нәтижелері нашарлаған жағдайда, лондондық клуб Кэррикке ұсыныс жасауы мүмкін.
Паркер «балғаларды» 4 қарашада Нуну Эшпириту Сантудың қызметінен кеткеннен кейін қабылдады. Оның басшылығындағы алғашқы екі кездесуде команда бір ғана ұпай жинады. «Кардиффпен» 3:3 есебімен тең ойнап, «Блэкберннен» 1:2 есебімен жеңілді.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Вест Хэм» Англия Премьер-лигасынан Чемпионшипке түсіп қалды. Қазір команда турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр және АПЛ-ге тікелей жолдама беретін орындардан алты ұпайға қалып келеді.
Майкл Кэррик 12 қарашада «Манчестер Юнайтед» клубынан кетті.
