Q Football

УЕФА Инфантиноның әлем чемпионатындағы үлестерді сатуды жоспарлағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

УЕФА Инфантиноның әлем чемпионатындағы үлестерді сатуды жоспарлағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді
©️The Touchline

Еуропалық конфедерацияда «футболдың басқарушы институттары бұндай шектен ешқашан аттамауы тиіс» екенін атап өтіп, бұған «барынша олутты» қарайтындарын жеткізді. УЕФА бұл ұстанымды ұлттық футбол ассоциациялары да бөлісуі керектігін атап өтті

Сондай-ақ ұйымда бұл мәселенің кімдерге қатысты екенін тізіп өтті: лигалар, клубтар, ойыншылар, жанкүйерлер, үкіметтер және «ойынның болашағына бей-жай қарамайтындардың барлығы».

Мәлімдемеде «футболдың жаны мен оны басқару принциптері тауар емес», әсіресе «қаржылық пайданы нақты кім алып отырғаны ашық айтылмаған кезде» деп бөлек атап өтілді. УЕФА өкілдері: «Ешқайсысымыз футболға иелік етпейміз. ФИФА-ның бұны сатуға құқығы жоқ», — деп қосты. Мәлімдеме мәтінін «The Touchline» басылымы келтіреді.

Бұған дейін Инфантиноның өзіне жеке ондаған миллион фунт пайда әкелуі мүмкін сату жоспарын әзірлеп жатқаны хабарланған болатын.