Бұған FIFA басшылығының соңғы бастамалары себеп болды. Француз тарапының пікірінше, бұл ұсыныстар әлемдік футболдың беделі мен бірлігіне елеулі зиян келтірген.
Еске салайық, шілде айының соңында FIFA футболдан әлем чемпионатының құқықтарын сатумен айналысатын FIFA Forward Enterprise (FFE) атты коммерциялық құрылым құруды жоспарлап отырғаны белгілі болған еді. Кейін Инфантино футбол конфедерацияларының сыны мен УЕФА құрамындағы кейбір елдердің әлем чемпионатына бойкот жариялау қаупіне байланысты бұл идеядан бас тартты.
FFF президенті Филипп Диалло осы жағдайдан кейін Инфантиноға деген сенім жоғалғанын мәлімдеді.
«Біз атқарушы комитеттегі әріптестерімізбен бірге FIFA президентіне деген сенім жоғалды деп есептейміз. Әлемдік футболдың қалай дамуы керектігі туралы біздің көзқарасымыз енді оның ұстанымымен сәйкес келмейді.
Сондықтан FFF атқарушы комитеті Джанни Инфантиноны FIFA президенті қызметіне қолдауды тоқтату туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Біздің ұстанымымыз анық», — деді Диалло.
FIFA президентін сайлау 2027 жылдың наурыз айында өтеді.
