«Мен Чемпиондар лигасын таңдар едім. Командалық жүлделер – біздің футбол ойнауымыздың басты мақсаты. Бірақ менде екеуін де жеңіп алуға мүмкіндік бар», – деді 33 жастағы шабуылшы.
Кейн Диего Симеонеге өзінің ойынына жоғары баға бергені үшін алғыс айтып, аргентиналық маманды қазіргі заманның үздік бапкерлерінің бірі деп атады. Сонымен қатар ол «Атлетиконың» мюнхендіктерді тоқтату үшін бар күшін салатынын мойындады.
Футболшы «Бавариямен» келісімшартын жақын арада ұзартатынын да хабарлады. Оның айтуынша, тараптар келісімге келуге өте жақын және ресми мәлімдеменің жасалуына санаулы күндер қалған болуы мүмкін.
