«Эльдорадоға» берген сұхбатында экс-футболшы Трей Ньонидің әлеуетіне жоғары баға берді.
«Трей Ньони тірек жартылай қорғаушы позициясын толықтырып, «Ливерпульді» трансферге 100 миллион фунт жұмсаудан құтқара ала ма? Жүз пайыз! Оның небәрі 19 жаста екенін ұмытпаңыздар. Ол бұл міндетті алдағы 10 жыл бойы атқара алады.
Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар «Ливерпульде» допты алға жылдам жеткізіп, ойын қарқынын сақтай алатын футболшы жоқ деп есептеді. Бірақ қазір біз бұл міндетті Трейдің өте жақсы орындап жүргенін көріп отырмыз. Ол дене бітімі жағынан әлі де әлсіздеу, сондықтан дәл қазір допты тартып алуда үнемі басымдық танытады деп айту қиын. Дегенмен доппен өте жақсы жұмыс істейді. Оның осы позицияда «Ливерпульге» беріп жүрген пайдасы ерекше.
Бұл Алексис Мак Аллистер мен Райан Гравенберхке алаңның алдыңғы шебінде ойнауға мүмкіндік береді. Меніңше, олар дәл сол аймақта өздерінің үздік қасиеттерін көрсете алады. Сонымен қатар екеуі де Трейге көмектесе алады: көбірек қозғалып, доп үшін күреске белсенді қатысып, қарсыластан допты тартып алу міндетін атқарады.
Егер олар алға шығып, Трей артта қалатын болса, бұл «Ливерпульдің» ойынына жаңа серпін беруі мүмкін. Өйткені Гравенберх тірек жартылай қорғаушы позициясында тек қажеттіліктен ойнады. Ол табиғи тірек жартылай қорғаушы емес. «Ливерпульде» басқа мүмкіндік болмағандықтан ғана сол рөлді атқарды. Енді ол жоғарырақ ойнап, өзінің жартылай қорғаушы ретіндегі шынайы мүмкіндігін көрсете алады», – деді Хески.
Сонымен қатар, дереккөздердің мәліметінше, «Ливерпуль» басшылығы Ньониге жаңа келісімшарт ұсынуға жақын.
