Q Football

Майкл Кэррик «Борнмуттан» ойсырай жеңілгеннен кейін Лени Йороға арашашы болды

Майкл Кэррик «Борнмуттан» ойсырай жеңілгеннен кейін Лени Йороға арашашы болды
Sky Sports

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері гол жіберуге себеп болған қателігі үшін жас қорғаушыны сынамады

Жексенбі күні манкуниандықтар өз алаңында 0:3 есебімен масқара жеңіліске ұшырады. Екінші гол кезінде 20 жастағы француз тайып кетіп, қарсыласқа кедергі жасай алмады.

«Ленидің құлауы — өкінішті кездейсоқтық. Оның болашағы зор, ол дарынды ойыншы. Бүгін ол қателесті және бұған қатты уайымдап жүр, бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Қателік бола береді, тіпті бұл қателік те емес, ол жай ғана тайып кетті», — деді Кэррик Sky Sports арнасына берген сұхбатында.