26 қазанда «Кристал Пэлас» Англия Премьер-лигасының 8-туры аясында өз алаңында «Ньюкаслдан» 0:2 есебімен жол берді. Осы матчтан кейін лондондықтардың 2026 жылдың басынан бергі чемпионаттағы жіберген голдарының жалпы саны 50-ге жетті.
«TNT Sports» мәліметінше, бұл көрсеткіш күнтізбелік жыл ішіндегі АПЛ клубтарының арасындағы ең нашары саналады. «Кристал Пэласқа» жақын тұрған командалардың өзі кем дегенде төрт голға аз өткізген.
Биылғы маусымда сегіз турдан кейін «Кристал Пэлас» 19 гол жіберіп үлгерді. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан кейін өткен алдыңғы чемпионаттың 20 кездесуінде команда тағы 31 гол өткізіп алған.
Турнир кестесінде «Кристал Пэлас» 8 ойыннан кейін 7 ұпаймен 17-орында тұр.
