Латвияның Sportacentrs.com порталының шолушысы Роландс Элиньш «Риганың» УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалады. Оның пікірінше, алматылық «Қайратқа» қарсы алғашқы матчта латвиялық клуб фаворит саналады.
Журналист еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығу «Риганың» бірнеше жылдан бергі мақсаты болғанын еске салды — команда 2016 жылы Латвияның жоғары лигасына көтерілгеннен бері осыны көздеп келеді. Клуб іріктеудің плей-офф раундына үш рет жетіп, тек биылғы маусымда ғана бұл белесті бағындырды.
«Рига» алғашқы матчын қазақстандық «Қайратқа» қарсы өткізеді, ал матч алдындағы болжамдар латвиялық командаға фаворит рөлін береді. Алда мықты итальяндық «Аталантамен» кездесу күтіп тұрғанымен, қалған қарсыластардың арасында футбол алпауыттары жоқ — олар «Кауно Жальгирис», чехиялық «Яблонец», босниялық «Борац» және кипрлік «Пафос». Бұл Конференциялар лигасының плей-оффына шығу міндетін шынымен-ақ орындалатын мақсат деп санауға мүмкіндік береді», — делінген материалда.
«Рига» — «Қайрат» матчы 15 қазанда «Сконто» стадионында өтеді. Рафаэль Уразбахтиннің командасы Латвия астанасына жетіп, жаттығуларын бастап кетті.
