Q Football

Түркия Қазақстан мен басқа түркі елдерінің футболшыларына легионерлер лимитін алып тастауды көздеп отыр

Түркия Қазақстан мен басқа түркі елдерінің футболшыларына легионерлер лимитін алып тастауды көздеп отыр

Ұсынылған бастамаға сәйкес, Қазақстан, Өзбекстан және өзге де түркі мемлекеттерінің футболшылары түркиялық клубтардағы легионерлер лимитіне кірмейтін болады.

Биліктегі Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Күршад Зорлу бұл мәселенің Түркия футбол федерациясының президентімен талқыланғанын және ережелерге ықтимал өзгерістер енгізу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Зорлудың айтуынша, жоба футболшылардың Түркияға ауысуын жеңілдетіп қана қоймай, бүкіл түркі әлемінде жас таланттарды анықтау жүйесін қалыптастыруды көздейді. Кейін оларды футбол академиялары мен жастар бағдарламалары арқылы дамыту жоспарланып отыр.

Қазір түрік клубтарының құрамында қазақстандықтар Аламгир Смақов (18, «Бешикташ» U19), Джан Ходжаоглу (17, «Галатасарай» U19) және Диярхан Карабалинов (17, «Аланьяспор» U19) өнер көрсетуде.

Ал Түркия футболында Өзбекстан атынан «Ыстанбұл Башакшехир» сапында ойнайтын Аббосбек Файзуллаев пен Элдор Шомуродов өнер көрсетеді.

Егер өзгерістер бекітілсе, түркиялық клубтар түркі мемлекеттерінен футболшыларды шетелдік ойыншыларға арналған квотаны пайдаланбай-ақ шақыра алады.