Грозныйдың «Ахмат» клубы Сербиядағы жазғы оқу-жаттығу жиыны аясында босниялық «Борац» командасын 3:1 есебімен ұтып, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл кездесу Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары үшін сәтті өтті: шабуылшы Максим Самородов алғашқы минуттан алаңға шығып, нәтижелі пас авторы атанса, жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек те ресейлік ұжымның негізгі құрамында өнер көрсетті.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз